ОҚО-да «Өрлеу» жобасы негізінде ауыл тұрғындарына шартты ақшалай көмек берілуде

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысының Түлкібас ауданында «Өрлеу» пилоттық жобасы негізінде 750 отбасындағы 4500-ге жуық азаматқа 274,7 млн теңгеге шартты ақшалай көмек берілді. Бұл туралы аудан әкімі Нұрбол Тұрашбеков өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Нұрбол Әбдісаттарұлының сөзінше, атаулы әлеуметтік көмек тағы 610 отбасыға тағайындалған. Ол үшін республикалық бюджеттен 73 млн теңге, аудандық бюджеттен 112,5 млн теңге қаржы қаралған. Таулы ауданда бұдан бөлек шағын және орта кәсіпкерлік нысандары ашылып, өнім көлемі 9,9 пайызға артқан. Ал, ағымдағы жылы жалпы өңірлік өнім межесін 70 млрд теңгеге жеткізу жоспарланып отыр.

«Ауданға былтыр 18 млрд. 206 млн. 500 мың теңге инвестиция тартылса, өнеркәсіп кәсіпорындары 22 млрд. 682 млн. 671 мың. теңгенің өнімін өндірген. Аудан бойынша белсенді шағын кәсіпкерлік субъектілердің саны 6310 бірлікке жетіп, өндірілген өнім көлемі 34,2 млрд. теңгені құрады. Ал салық төлемдері 272,6 млн. теңгеге жетіп, 2,7 пайызға артты», - деді Нұрбол Тұрашбеков.

Бұдан өзге, аймақта «Үдемелі индустриалды-инновациялық даму» бағдарламасы аясында «Өңірлер кәсіпкерлігін қолдау картасына» құны 99,4 млрд теңгелік 10 жоба енген. Бүгінгі таңда құны 1,2 млрд теңгелік 3 жоба жүзеге асқан. 2018-2020 жылдары жалпы құны 98,2 млрд теңгені құрайтын 7 жоба іске қосылып, 3500-ге жуық жаңа жұмыс орны ашылады деп көзделуде. Инфрақұрлым саласы бойынша аудандағы 62 елді мекеннің 59-ы табиғи газбен қамтылған.

Аудандық бюджеттен 55,9 млн теңге бөлініп, 10 ауылдық округке қарасты көшелерге электр желісін тарту үшін жобалық-сметалық құжаттама әзірленді. Аудандағы 4 елді мекеннің ауыз су жүйелерін ағымдағы жөндеуден өткізуге 60,9 млн теңге қарастырылып отыр. «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша елді мекендердің ішкі жолдарын жөндеу және абаттандыру жұмыстарына 106,8 млн теңге бөлініп, толығымен игерілген.

null null null null 

Соңғы жаңалықтар