ОҚО-да Орбұлақ шайқасының 375 жылдығына орай халықаралық конференция өтуде

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат  -  Оңтүстік Қазақстан облысындағы М.Әуезов атындағы университетте «Ұлт тарихындағы Орбұлақ шайқасы: Ұлы жеңістің ақиқаты және маңызы» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтуде, деп хабарлайды  ҚазАқпарат тілшісі.

Пленарлық мәжіліске «Жеті жарғы және Қожаберген жырау» халықаралық қайырымдылық қорының төрағасы мен еліміздің және Өзбекстан, Қырғызстанның бірқатар университеттерінің  профессорлары, белгілі ақын-жазушылар мен журналистер қатысып отыр.

nullБұл басқосудың ерекшелігі - қазақ мемлекеттілігінің тұтастығын сақтаудағы айрықша орын алатын Орбұлақ шайқасы жайлы халықаралық деңгейдегі ғылыми жиынның өңірде алғаш рет өтуі болып отыр. Жиында сөз алған Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Орбұлақ шайқасының маңызына тоқталды.

«Елбасымыз «Тарихты танып, зерделеу керек, тарихты таразылау қажет, сонда тағдырыңды, бүгінгі тұрпатыңды танисың, келешегіңді бағдарлайсың, алдағы жүрер жолыңның сілемін табасың» деген болатын. Тарихта ерекше із қалдырған қазақ халқы үшін азаттық жолында Ұлы жеңістердің бірі және бірегейі - Орбұлақ шайқасы. Бұл - ұлттық тарихтың жауынгерлік даңқ шежіресінде ерлік пен қаһармандықтың және отаншылдықтың өнегесі болып айшықталып қалды.  Бүгінгі ғылыми жиын Орбұлақ шайқасындағы Ұлы жеңіске 375 жыл толуына орай ұйымдастырылып отыр», - деді Жансейіт Қансейітұлы.
null

Ғылыми-теориялық конференцияда  Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры Зиябек Қабылдинов «Орбұлақ шайқасының әлемдік тарихи маңызы» атты баяндама жасады. Сондай-ақ,  Республикалық «Ардагерлер ұйымы» төрағасының бірінші орынбасары Өмірзақ Озғанбаев «Орбұлақ шайқасындағы Ұлы жеңіс және рухани жаңғыру тарихи сабақтастығы» туралы айтып өтті.

nullАйта кетерлігі, Орбұлақ шайқасы - қазақ халқының жоңғар шапқыншылығына қарсы ұзаққа созылған азаттық соғыстарының бірі. Бұл  1643 жылдың жазында Салқам Жәңгірхан басқарған 600 қазақ жауынгері мен 50 мың жоңғар қолын басқарған Батыр қонтайшы арасындағы шайқас. Тарихи деректерге сүйенсек, қазақ жауынгерлері жоңғардың 50 мың әскерін Орбұлақ тұсында тоқтатып, 10 мың әскерін жойған. Кейіннен Жәңгірханға 20 мың қолды бастаған Жалаңтөс батыр көмекке келіп, ойсыраған жоңғарларды  кейін шегінуге мәжбүр еткен.

Соңғы жаңалықтар