ОҚО-да Өгем өзенінен таза су алу жұмыстары басталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі мен түркиялық «DOGUS» Constraction компаниясы арасында «Өгем» өзенінің суын бұру мақсатында ынтымақтастық меморандумы жасалды. Енді аталған шетелдік компания өкілдері осы уағдаластық аясында тұжырымдама әзірлемек. Бұл жұмыстар 2018 жылдың қаңтарына дейін аяқталса, одан кейін жобаның техникалық экономикалық негіздемесі (ТЭН) мен жобалау-сметалық құжаттамасын (ЖСҚ) әзірлеу жұмыстарының кезеңдері басталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ОҚО әкімдігіне сілтеме жасап.

Түрік компаниясының өкілдері облыс әкімі Жансейіт Түймебаевты жобамен таныстырып, «DOGUS» Constraction компаниясының Қазақстандағы өкілі Юнус Эмре Суджу мен облыс әкімінің бірінші орынбасары Дархан Сатыбалдының арасында аталған құжатқа қол қойылды. 
null

Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы мамандарының мәліметінше, жоба іске асқанда Өгем өзенінде гидротехникалық нысан салынып, одан үш ауданға - Сарыағаш, Мақтаарал және Қазығұртқа 3-3,5 м3/сек көлемде су тартылады. Одан соң, тартылатын суағарлар бойынан кіші су электр стансалары бой көтеріп, 51,7 МВт электр қуаты алынады деп күтілуде.

Сонымен қатар, аталған жоба іске асқан жағдайда, облыстың Қазығұрт, Сарыағаш және Мақтарал аудандарының 400-ге жуық елді мекеніндегі 700 мыңнан аса тұрғын сапалы ауыз сумен қамтамасыз етіліп, ауыз суға байланысты мәселе толық шешімін табады.

Еске салайық, «Өгем» өзені көршілес Өзбекстанның аумағында ішінара орналасып, трансшекаралық өзендер қатарына жатқандықтан, осы жылдың ақпанында Қазақстан мен Өзбекстан Республикалары Үкіметінің бірлескен жұмыс тобы бас қосқан болатын. Онда қос елдің өкілдері екіжақты ынтымақтастықты жетілдіру мәселелері бойынша отырысында «Өгем» өзенінің суын бұру келісілген болатын. 

Соңғы жаңалықтар