ОҚО-да мұнай ұрлап келген қылмыстық топ мүшелері ұсталды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Оңтүстік Қазақстан облыстық департаменті мен  прокуратураның бірлескен жедел-тергеу тобы «Павлодар - Шымкент» мұнай құбырынан шикізат ұрлап келген қылмыстық топ мүшелерін ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

12 адамнан тұратын топ мүшелері өңірдің бірнеше аудандарынан құбырларды тесіп, мұнай ұрлап келген.

Белгілі болғандай, «Қазтрансойл» АҚ-ның мұнай құбырларын күзетуі тиіс «КМГ-Секьюрити» ЖШС-ның қызметкерлері қылмыстық топ құрамында болып, 10-нан аса ұрлық әрекетіне қатысқан. Осылайша топтың мүшелері жүздеген тонна мұнайды жымқырғаны анықталды. Сыбайластар ұрланған мұнай өнімдерін Шымкент қаласындағы және облыс аумағындағы асфальт-битум өңдейтін зауыттарға саудалапты.
null 

Сондай-ақ, көршілес облыстарға жеткізу арқылы өңделіп, контрабандалық жолмен жақыт шет елдерге шығарылып отырған. Күні кеше ҰҚК мен прокуратура қызметкерлері бірлескен шара аясында қылмыстық топтың жолына тосқауыл қойды. Құзырлы органның операциясы кезінде топтың 10 мүшесі қолға түсті. Олардан мұнай құбырларын тесіп, ұрлауға және тасымалдауға пайдаланылған техникалары мен тіркеме цистернасы бар көліктері тәркіленді.

«ҚР Қылмыстық кодекстің 262-бабы 1-2 тармақтары (Ұйымдасқан топ, қылмыстық ұйым құру және оларға басшылық ету, сол сияқты оларға қатысу), 188-бабы 3-4 тармақтары (Ұрлық, сондай-ақ 197 бабы 3-4 тармақтары (Мұнайдың және мұнай өнiмдерiнің шығарылу заңдылығын растайтын құжаттарсыз оларды тасымалдау, иемдену, өткiзу,сақтау, сондай-ақ мұнайды қайта өңдеу) қарастырылған қылмыстардың белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеу аясында өткізілген жедел-іздестіру және жасырын тергеу әрекеттері мұнай өнмдерін ұрлауға бағытталған қылмыс схемасын әшкерелеуге мүмкіндік берді», - делінген ҰҚК ОҚО Департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта. 
null 

Соңғы жаңалықтар