ОҚО-да Мемлекеттік сатып алу басқармасына жаңа басшы тағайындалды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат -  Оңтүстік Қазақстан облысында Мемлекеттік сатып алу басқармасына жаңа басшы тағайындалды. Облыс әкімінің өкімімен бұл лауазымды енді Ерғали Білісбеков атқаратын болады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Ерғали Дәулетбекұлы - 1961 жылы туған, білімі жоғары, мамандығы экономист, құрылысшы. Еңбек жолын 1978 жылы Шымкент қаласындағы «Казгалантерейторг» базасында жұмысшы болып бастаған.

1990-2008 жылдары «Гелиоинвест» КӨ директорының орынбасары, «Ақ Ниет» брокерлік фирмасының директоры, «Азия-Экспорт» ЖШС атқарушы директоры, «Береке» ЖШС директоры,   «Каз НТЕВ» ЖШС-нің бас директоры болып қызмет еткен.

Одан кейінгі жылдары Шымкент қаласы әкімінің орынбасары, Қазақстан Премьер-министрі Кеңсесінің ұйымдастыру жұмыстары және аумақтық даму бөлімінің бас инспекторы, аймақтық даму бөлімінің бас инспекторы қызметтерін атқарған.

2014 жылдың желтоқсан айынан бастап ҚР Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің ОҚО бойынша департаментінің басшысы болып еңбек етіп келді.

Соңғы жаңалықтар