ОҚО-да мемлекеттік қызметшілер күніне арналған флешмоб өтті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Оңтүстік Қазақстанда 23 маусым - «Мемлекеттік қызметші күніне» орай кәсіби мереке аталып өтіп, осы салада қызмет ететін қызметшілер мен аталған қызметке үміткер жастардан құралған топ, жалпы саны 130 жас флешмоб ұйымдастырды, деп хабарлайды әкімнің баспасөз қызметі.

null
Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігі мен ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ОҚО бойынша департаментінің ұйытқы болуымен өткен шарада «ЭКСПО-2017» көрмесіне арналған «Еліміздің болашақ энергиясы - мемлекеттік қызметші» атты театрландырылған-хореографиялық көрініс, «Қазақстан халқының бірлігі» хореографиялық композициясы және басты мерекеге арналған Бақытжан Мұстафаевтың «Мемлекеттік қызметкер» әніне қойылған апликациялық қойылым көрсетілді.
null 

Жалпы мемлекеттік қызметтің мансаптық моделінің тиімділігі ұшан-теңіз. Бұған дейін бір мекеменің басшысы ауысса, онда жұмыс істейтін қызметкерлердің тең жартысы жұмыстан босап қалатын еді. Әріптестер жаңа келгендермен түсінісіп үлгергенше жұмыс ақсай түсетін. Басшының ауысуы себепті кадрлар да ауысып, осының салдарынан өнімділік азайып, нәтиже төмен болатын еді. Енді Елбасының тапсырмасына сәйкес, мапсаптық модель енгізілгеннен кейін командалық ауысу жойылып келеді. Алдыңғы жылдармен салыстырғанда өткен жылы ауысу тәртібімен тағайындау көрсеткіші 58 есеге азайғаны соның дәлелі.
null 

Мансаптық модель бойынша өткен жылы облыста 402 мемлекеттік қызметші жоғары лауазымға тағайындалып, бұл көрсеткіш 12 пайызға артқан. Ал аттестаттау аясында облыс бойынша 8700 мемлекеттік әкімшілік қызметшінің 6843-і кешенді аттестаттаудан өтсе, соның 1766-сы өте жақсы, 4482-сі тиімді деген баға алған.

Айта кету керек, аймақтағы мемлекеттік қызметшілердің 15 пайызын жастар құрайды.

Соңғы жаңалықтар