ОҚО-да мемлекеттік қызмет көрсету саласында 4 мыңға жуық құқықбұзушылық анықталды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысында жыл басынан бергі 10 айда мемлекеттік орган мен қызмет көрсетуші мекемелерде 4 мыңға жуық құқықбұзушылық анықталған. Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ОҚО бойынша департаменті басшысының орынбасары Айбек Шілманов мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Айбек Шілмановтың сөзінше, заң талаптарын сақтамаған қызметкерлерге 29 ұсыныс жолданып, 32-не қатысты тәртіптік жаза қолданылған. Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодекстің 465-ші бабымен 12 хаттама толтырылған. Сонымен қатар, баспасөз мәслихатында мемлекеттік қызмет көрсету саласында атқарылып жатқан жұмыстар да таныстырылды. Мемлекет басшысының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауында айтылған мемлекеттік қызметті барынша оңтайландыру мақсатындағы шаруалар жүзеге асырылған.

«Ағымдағы жылы атқарушы органдар 16 миллионнан астам қызмет көрсеткен. Оның ішінде электрондық қызмет көрсету түрі өткен жылмен салыстырғанда, 62 пайызға артып отыр. Қарапайым азаматтарға қолайлы жағдай жасау үшін мемлекеттік мекемелерге тексеру жүргізіліп, қызмет этикасын сақтамаған мамандар департамент тарапынан сынға алынды»,- дейді Айбек Шілманов.

Соңғы жаңалықтар