ОҚО-да мемқызметкерлер құжаттарды электрондық түрде алуға кірісті

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат -  Оңтүстік Қазақстан облысында мемлекеттік қызметкерлер халыққа қызмет көрсету орталықтарына бармайтын болды. Олар e-gov порталы арқылы көрсетілетін қызметтерді электронды түрде алуға кірісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл шара Елбасының биылғы жылғы халыққа арнаған «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауы аясында қолға алынып отыр. Жолдауда  мемлекеттік қызмет көрсетуді оңтайландыру бойынша жаңа міндеттер қойылғаны белгілі.

 Бұл тұрғыда облыс әкімі Жансейіт Түймебаев «Әкімдік жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссия» отырысында барлық мемлекеттік орган басшылары өз қарамағындағы және бағынысты мекемелердегі қызметкерлердің құжаттарды электронды түрде алуын қамтамасыз етуді тапсырған болатын. Осыдан кейін өңірдегі Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті облыстық мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру өңірлік орталығында аудан-қала әкімі аппараты және    облыстық және аумақтық басқарма, құқық қорғау органдарының мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты қызметкерлері үшін арнайы 3 кезеңде электрондық түрде қызмет алу дағдыларына үйрету бойынша шеберлік сабағын өткізді. Онда  әрбір қатысушы өзімен бірге әкелген  ЭЦҚ-мен e-gov порталына кіріп, электронды  қызмет алуды практикалық түрде үйреніп, дағдылану жұмыстарын жүргізді. Оқудан өткен азаматтардың барлығы өз аудандарындағы  және мекемелеріндегі әріптестерін электрондық порталмен жұмыс жасауға үйретуге жауапты болмақ. 

Соңғы жаңалықтар