ОҚО-да мектеп оқушылары арасында ғылыми жобалар байқауы басталды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысындағы мектеп оқушылары арасында ғылыми жұмыстар сайысы басталды. Жасөспірімдердің жаңа жобалар байқауына аудан-қалалардан 8-11 сынып оқушылары қатысып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Дәстүрлі олимпиаданың алғашқы кезеңінде мыңнан астам үміткер білімін сарапқа салды. Соның 700-і облыстық екінші турға жолдама алды. Мұнда 400 жобаның үздігі анықталатын болады. Жас ғалымдардың ғылыми ізденіс жұмыстарын мамандар 18 секция бойынша талдап жатыр. Ағарту саласы қызметкерлерінің сөзінше, балалардың оқу-біліммен қатар ғылыммен айналысуы - оның жан-жақты дамуына мүмкіндік береді. Екі күнге жалғасатын байқауда өзгелерден озып шыққан жеңімпаздар арнайы сыйлықтармен марапатталып, республикалық сайысқа жолдама алады.

Айта кетейік, бұған дейін ғылыми жобалар сайысында топ жарғандар ұлттық бірыңғай тестілеуден босатылатын. Бірақ, өткен жылдан бастап, бұл шешім күшін жойды. Мамандардың пікірінше бұл өзгерістен ғылыми жобаларға қызығушылардың қатары азайған емес. Қайта жылдан жылға  жобалардың да деңгейі артып отыр. 

Соңғы жаңалықтар