ОҚО-да құтқарушылар өзенге батқан жігіттің мәйітін бесінші рет іздеуге барды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысында құтқарушылар Сырдария өзеніне батқан жігіттің мәйітін бесінші рет іздеуге кірісті. Күні бүгінге дейін 30 құтқарушы 12 техникамен өзен жағалауында іздеу жұмыстарын жүргізген, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.

Еске салайық, Отырар ауданы, Көксарай ауылының 23 жастағы тұрғыны шілденің 21-і күні шомылып жатып, суға батып кеткен болатын. Содан бері өңірдің төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері мәйітті іздестіру шараларын жүргізіп келеді. Сүңгуірлердің бұған дейінгі әрекеті нәтижесіз болған. 344 сағат бойы суға түскен құтқару жасағы осылайша марқұмның денесін бесінші рет іздеуге кірісіп отыр. Оларға ауданның ішкі істер қызметкерлері мен ауыл тұрғындары, сондай-ақ марқұмның туыстары қолғабыс етуде.

null

Айта кетейік, жыл басынан бері өңірде 31 адам суға батқан. Оның 17-сі кәмелет жасына толмаған балалар болып отыр.

null

Соңғы жаңалықтар