ОҚО-да көшедегі әйелді зорлықшыдан құтқарып қалған жас жігіт марапатталды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысында полицейлер көшедегі әйелді зорлықшыдан құтқарып қалған жас жігітті марапаттады. 18 жастағы Айбат Маутанбеков Сайрам ауданында қылмыс жасаған күдіктіні ұстап берген болатын, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі. 

Айбат Маутанбеков 8 қыркүйекте Ақсу аулының көшелерінің бірінде кетіп бара жатып,  әйелді зормаққа әрекеттенген еркекті көріп қалады. Ол қорықпастан қылмыскерді ұстап алып, полицияға алып барған. Тәртіп сақшылары сезіктінің тағы тонау қылмысына қатысы бар екенін анықтаған.

Қазір зорлықшы қамауға алынып, оның үстінен Қылмыстық кодекстің екі бірдей бабымен («Зорлау» мен «Тонау») бойынша іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. 

null 

Өз кезегінде ержүректік танытып, қылмыскерді ұстап бергені үшін Сайрам аудандық ІІБ бастығының орынбасары Бауыржан Жанаев Айбат Маутанбековке салтанатты түрде алғыс хат табыстап, бағалы сый-сияпат жасады.

Құттықтау шарасы барысында сондай-ақ бірнеше бұзақылық жасаған қылмыскерлерді ұстаған учаскелік инпекторлар мен жол патрульдік полиция қызметкерлері де марапатталды. 

null 

Соңғы жаңалықтар