ОҚО-да көмір жеткізушілер бағаны алдын ала келісіп алуы мүмкін деген күдік туып отыр

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысында 13 көмір жеткізушіге қатысты бағаны алдын ала келісіп алды деген күдікпен тергеу жұмыстары басталды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің сайтына сілтеме жасап. 

«Комитеттің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті облыстағы көмірдің көтерме және бөлшек саудасымен айналысатын 13 нарық субъектісіне қатысты Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 169-бабының 1-тармағының 1)-тармақшасымен (бағаларды (тарифтердi), жеңiлдетулерді, үстеме ақыларды (қосымша ақыларды) және (немесе) үстеме бағаларды белгiлеуге немесе ұстап тұруға) бәсекелестікке қарсы келісімдер белгілері бойынша тергеу басталған», - делінген хабарламада.

Қазіргі таңда департамент тарапынан тергеуге қатысты алынған құжаттар бойынша жан-жақты тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар