ОҚО-да «Көкжалдар» фильмінің тұсауы кесілді

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысында  жаңадан  түсірілген "Көкжалдар" фильмінің тұсауы кесілді. Танымал режиссер Еркін Рақышевтың туындысы қасқырдың баланы қолға түсіру кезіндегі түрлі шытырман оқиғалардан құралған, деп  хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық мəдениет басқармасы мен Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің ұйымдастыруымен өткен шарада толықметражды фильм туралы кеңінен айтылды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»  мақаласында көрсетілген тарихты білу жəне текті тану,  ұлттық кодты табу мəселесі осы туындының өзекті арқауына айналған.
null

 Фильмнің басты мақсаты да аңыз-əңгімелерге сүйене отырып, көкбөріге телінетін қазақ болмысын сипаттау болып табылады. Сонымен қатар қасқырдың текті мінезін негізге ала отырып, ұлттың бойында жоғалып бара жатқан асыл қасиеттер мен адами құндылықтарды жас ұрпақтың санасына сіңіру, намысын ояту, рухын көтеру екені сөз болды.
null

Айта кетейік, фильм аңшының қасқырдың арланын атып алу сəтінен бастау алады. Тірі қалған екінші бөрінің кек алу жолында аңшының үш айлық баласын ұрлап кетуі жəне асырап, өсіруімен жалғасын табады. Ақсу-Жабағылы қорығында түсірілген фильмде қасқырлармен бірге жүрген адам тектес мақұлықты ұстау сәттері де көрініс тапқан. Басты рөлдерді  Жандос Исаев, Ержан Жарылқасынов, Арай Өмірова сомдайды. Ал, сценарийін  Рамазан Құрманбаев пен Еркін Рақышев жазған. Киноны алғашқы рет  оңтүстіктегі көрермендер тамашаласа, алдағы кезде оның көрсетілімі Алматы, Астана, Павлодар, Семей, Өскемен, Ақтау, Атырау, Тараз  қалаларында да өтеді деп жоспарланып отыр. 
null

Соңғы жаңалықтар