ОҚО-да «Қазақстанның үздік тауары» байқауының жеңімпаздары анықталды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысында «Қазақстанның үздік тауары» байқауының жеңімпаздары анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі. 

null
Шымкентте өтіп жатқан «ONTUSTIK өнімдері-2017» көрме-жәрмеңкесі аясында тауар өндірушілер «Халықтың таңдауы», «Жыл серпіні», «Жыл бренді», «Әлеуметтік маңызды стартап» атты номинациялармен марапатталып, бағалы сыйлықтар алды. Жеңімпаздарды еліміздің Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев пен Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаевтар құттықтады. Байқау қортындысы бойынша жеңімпаздар Астанада өтетін республикалық «Қазақстанның үздік тауары» көрме-конкурсына қатысуға жолдама алды. 
null 

Айта кетейік, жергілікті тауар өндірушілерді 3 аталым - «Халық үшін үздік тауар», «Өндірістік бағыттағы үздік тауар» және «Үздік азық-түліктік тауар» номинациялары бойынша анықтаған болатын. Конкурсқа қатысушыларды бақылау кезінде алдымен тауардың сапасы мен бәсекеге қабілеттілігі ескерілді.

Айта кетейік, кеше басталған күнгейлік тауар өндірушілердің көрмесіне тамақ, фармацевтика, машина жасау, химия, құрылыс саласына қатысты 200-ден астам тауар өндіруші қатысып жатыр.
null null 

Соңғы жаңалықтар