ОҚО-да Қазақстан мен Ресей дәрігерлері бірігіп ота жасады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан мен Ресей дәрігерлері Шымкентте облыстық онкологиялық диспансерінде қуық асты безінің қатерлі ісігіне ота жасады, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.             

Денсаулық сақтау басқармасы мен Қазақ онкология және радиология ғылыми зерттеу институтының үйлестіруімен өткен «Несеп-жыныс жүйесінің қатерлі ісігінің мультитәртіптік тәсілмен емдеу» мастер-класс «Шымкент» қонақүйінде екі күндік халықаралық онкоурологиялық форумға ұласты.

  Халықаралық форумның ашылу салтанатында Денсаулық сақтау басқармасының басшысы М.Егізбаев қатысушылардың тәжірибе алмасу жұмыстарына сәттілік тіледі.

 - Денсаулық сақтау басқармасы және Қазақ онкология және радиология ғылыми зерттеу институты онколог-дәрігерлердің біліктілігін арттыруда үлкен жұмыстар жүргізуде. Мұндай халықаралық тәжірибе алмасулар Шымкентте бірінші рет өткізіліп жатқан жоқ. Бұған дейін Оңтүстік Қазақстанға медицинасы озық әлем елдері Оңтүстік Корея, Франция, Түркия, Моңғолияның үздік мамандары келіп, тәжірибелерімен бөліскен. Нәтижесінде біздің дәрігерлеріміз де өз бетінше күрделі оталар жасауға қол жеткізді. Бұл мақсатта Ресейдің және еліміздің үздік дәрігерлерінен де үйренеріміз аз емес, - деді басқарма басшысы.

Онкоурологиялық форумның мақсаты - ерте диагностикалауды жақсартып, науқастарға кешенді ем жүргізіп, өмірін ұзарту. Қазіргі таңда бүкіл әлем бойынша қуық асты безінің қатерлі ісігіне шалдыққандар қатары көбейіп келеді. Оңтүстік Қазақстан облысында жыл сайын қуық асты безінің қатерлі ісігімен 60-тан аса жаңа науқас, ал, аталық безінің  қатерлі ісігімен 40-қа жуық жаңа сырқат анықталады. Бірақ бұлардың 60 пайызы дерттің III-IV сатысында табылады. Бұл мәселе несеп-жыныс жуйесінің обырын ерте анықтауда Алғашқы медициналық-санитарлық көмек дәрігерлерінің уролог және онколог мамандарымен бірлесе жұмыс істеудің маңыздылығын көрсетеді.

Халықаралық шараға  Ресейдің П.А.Герцен атындағы Мәскеу қаласының Ғылыми-зерттеу онкологиялық институтының аға ғылыми қызметкері, медицина ғылымдарының кандидаты К.Нюшко, Ресей онкоурологтар қауымдастығының вице-президенті, медицина ғылымдарының докторы, профессор,  И.Русаков, Қазақ онкология және радиология ғылыми зерттеу институтының  онкоурология орталығының басшысы, Қазақстан Республикасының штаттан тыс бас онкоурологы, медицина ғылымдарының кандидаты Н.Нұрғалиев, Қазақстан-Ресей медицина университетінің онкология және маммология кафедрасының меңгерушісі, медицина ғылымдарының докторы С.Есентаева арнайы шақыртылды. Мастер-класс барысында алғашқы медициналық-санитарлық көмек дәрігерлеріне қуық асты безі қатерлі ісігінің ерте диагностикасын жақсарту бойынша дәріс оқылып, практикалық тәжірибе көрсетілді. Қуық асты безінің қатерлі ісігіне ота жасалып, онкоурологиялық форумда қуықтың және аталық безінің қатерлі ісіктерін ерте диагностикалау және емдеу тәсілдері талқыланды.  

Соңғы жаңалықтар