ОҚО-да қайырымдылық шарасы аясында 90 отбасыға тегін азық-түлік таратылды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Мақтарал ауданында өткен «Әлеуметтік қолдау - әлеуетті қолдау» акциясында тұрмысы төмен азаматтарға көмек көрсетілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қайырымдылық шара аясында 90 отбасыға тегін азық-түлік таратылды. 

Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған шараға «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалы мен аудандық мәслихат депутаттары, жергілікті кәсіпкерлер мұрындық болды.

Шарада мұқтаж жандардың өз қажеттіліктеріне қарай бұйымдар үлестірілді.  Ауданның кеңпейілді азаматтары тұрмыс тауқыметін тартқандардың мұңын сейілтіп, алғысын арқалады. 

Акция соңында концерттік бағдарлама ұсынылып, дастархан жайылды.  Қоғамда оң көзқарас қалыптастырып, ынтымақтастықты арттырған шара алдағы уақытта да өз жалғасын табады дейді ұйымдастырушылар. 

Соңғы жаңалықтар