ОҚО-да «Каспий банктің» күзетшісі қарақшылармен бірге ақша ұрлаған

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Түркістанда банк ғимаратынан 4 млн теңге ұрлағандар ұсталды. Күдіктілер бұл қылмысқа бір айға жуық дайындалыпты. Бұл туралы қала прокуроры Руслан Әбдірайымов мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Белгілі болғандай, банкті тонау қылмысы 8 қыркүйекте жасалды. Түнгі уақытта Тәуке xан көшесінің бойында банк ғимаратындағы терминалдан белгісіз біреулер 4 млн теңгеге жуық қаржыны ұрлап, ізін суытқан болатын. Оқиға орнына жеткен полицейлер осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 188 «Ұрлық» бабы 4-бөлігімен іс қозғаған болатын. Жедел іздестіру нәтижесімен осы қылмысқа қатысы бар деген екі күдікті ұсталды.

«Оның біреуі «Каспий банкте» күзетші болып істеген 1970 ж.т. "М" есімді тұрғын болса, екіншісі 1988 ж.т. "Б" есімді ХҚТУ-де электрик болып істейтін күдікті екені анықталды. Күзетші жауап беру барысында ұрланған қаржыдан өзіне бөліп алған соманың 2 млн теңгесін тергеу органына өз еркімен қайтарған. Кінәсін мойындап өкінетінін, бұрын сотты болмағанын және денсаулық жағдайы ескеріліп, қамаққа алынбады. Ал екінші күдікті келтірген шығынды қайтармағаны және қылмысты жасағандағы атқарған рөлін ескере отырып, қамаққа алынды», - дейді қала прокуроры.

Айта кетейік, егер күдіктілердің қылмысы толығымен дәлелденсе, олар аталған баппен 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылу және мүліктері тәркіленуі мүмкін. 

Соңғы жаңалықтар