ОҚО-да кәсіпкер ауылға еңселі қақпа орнатып берді

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысында кәсіпкер Ергеш Төребеков Сарыағаш ауданындағы Дарбаза ауылының кіре-берісіне еңселі қақпа орнатып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.

Биылғы жылы құрылғанына 80 жыл толып отырған ауылға кәсіпкер осындай тартуын жасады. Аталған қақпаны орнатуға ол 12 млн теңге жұмсапты.

Жаңа қақпаның салтанатты ашылу рәсіміне жергілікті билік өкілдері мен ауыл тұрғындары қатысып,  құттықтау сөз сөйледі. Жиында аудан әкімі Қайрат Әбдуалиев Дарбаза ауылдық округінде жасалып жатқан жұмыстарға тоқталып өтті.
null

«Елді мекенді көгілдір отынмен қамту мақсатында  394 млн теңге бөлініп, мердігер мекеме тиісі жұмыстарды атқаруда. Сондай-ақ ауылдың ішкі көшелерін күрделі жөндеу, аяқ жолдар салу жұмыстары бастау алып, аяқ жолдар салынып жатыр. Оған қоса ауылдық округтегі Батыр аналар аллеясы  мен ауыл әкімі аппаратының ғимараты мен мәдениет үйі күрделі жөндеуден өтуде. Бұл мемлекеттің шалғай жатқан елді мекендерді дамыту мақсатында қолға алынған жобаларының бірі саналады. Сондай-ақ, ауыл тұрғындарын медициналық көріктен өткізуге облыстан, ауданнан арнайы мамандар шақырылып, халықтың денсаулығын тексеріп, қажетті кеңестерін беріп жатыр.  Бұл бастама өзге ауылдарда да жалғасын табады деп жоспарланып отыр», - деді аудан әкімі Қайрат Әбдуәлиев.   

nullnullnull

Соңғы жаңалықтар