ОҚО-да ХІІ ғасырға жататын екі балбалтас табылды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат  - Оңтүстік Қазақстан облысы, Созақ ауданында ХII ғасырға жататын екі балбалтас табылды. 

Көне, ғұрыптық ескерткіштерді тұрғындар Қаратау жазығындағы Арпа өзені бойынан қазып алған. Онда ер мен әйелдің сұлбасы қашалып бейнеленген,  деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.    

Арпа өзені Абай елді мекенінен  3 шақырым қашықтықта орналасқан.  Ауылдың азаматтары сол маңдағы ерекше тасты байқап, жерден қазып алған.  Көне ескерткіш таңғы жарыққа, яғни, шығысқа қарап орнатылған екен. Тұрғындар «бұл - ерте кездегі мәдениет пен салт-дәстүр негізі», - деп топшылап отыр.

«Табылған жерден екі тас ерекше көрінді. Біз оларды көтеріп едік, жан-жағынан суреттер шыға бастады. Сонымен ол тасты бөлек қойдық. Сол маңнан тағы бір тас көрінді. Ол да жерден 3 см шығып тұр екен. Көтеріп едік, ол да қозғалмады. Жалпақ сияқты көрінді. Екінші бетінде суреті бар екен. Бізге оларды алу қызық болды»,-дейді Абай ауылының тұрғыны Жансәт Сейітов.

Тарихи жәдігер мұражай қызметкерлерінің қызығушылығын тудырып отыр.  Олардың сөзінше, балбалтастар ежелгі түркі дәуіріне тән. Терең тарихтан сыр шертер құнды дүниені ғалымдар зерттеуге мүдделі. Оларды аудандық мұражайда сақтамақшы.

Соңғы жаңалықтар