ОҚО-да халқы тығыз орналасқан Мақтарал мен Сарыағаш аудандарын бөлу ұсынылды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысында халқы тығыз орналасқан Мақтарал мен Сарыағаш аудандарын бөлу ұсынылды. Бұл мәселе бүгін облыстық мәслихаттың кезекті отырысында талқыға түсті, деп хабарлайды  ҚазАқпарат тілшісі.

Облыс әкімінің баспасөз хатшысы Бейсен Тәжібаевтың мәліметінше,  қаншама жылдан бері айтылып келе жатқан  аудандарды бөлу мәселесінде сең қозғалды.

«ОҚО мәслиxатының кезектен тыс ХХ сессиясында қаралған ұсынысты депутаттардың барлығы ерекше ықыласпен қолдады. Енді суы шипалы өңірді Сарыағаш және Келес, ал мақталы аймақты Мақтаарал, Асықата, Жетісай аудандары деп қайта құру ұсынылып отыр. Әрине, Елбасының Жарлығы шыққаннан кейін ғана ресми түрде бөлінгенін айта аламыз»,-дейді Бейсен Тәжібаев.

1997 жылы 24 сәуірде сол уақыттың талабына сай біріктірілген аудандардың енді өз алдына жеке шығуы заманның сұранысына орай жүзеге асуда.

«Бүгінде Мақтаарал ауданында  304 мыңнан аса, ал  Сарыағаш ауданында  327 мыңнан аса  адам тұрады. Екі аудан да  Өзбекстанның 10 ауданымен шектеседі. Айтпақшы, "Мақтаарал" атауындағы қалып кеткен "а" осы жолы қосылып, олқылықтың орны толғанына да тоқталмай кетуге болмас. Сонымен, сәтін салса оңтүстіктегі аудан-қалалардың саны 18-ге жеткелі тұр», - деп түйді сөзін облыс әкімінің баспасөз хатшысы. 
null null 

Соңғы жаңалықтар