ОҚО-да ерекше білім беру қажет балаларға арналған орталық ашылды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат  - Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысында ерекше білім беруді қажет ететін балаларға арналған психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті ашылды, деп хабарлайды өңір басшысының баспасөз қызметі.

null

Дамуында ауытқуы бар балаларды түзетумен айналысатын өңіріміздегі алғашқы мекеменің жұмысымен танысқан облыс әкімі Жансейіт Түймебаев орталықтың маңыздылығына тоқталды.

null 

«Балалардың өмірін жақсартып, лайықты және табысты болашаққа қол жеткізуге мүмкіндік беру үшін дер кезінде білікті мамандардың көмегі ауадай қажет болады. Сондықтан да ерекше оқытуды қажет ететін балаларға және олардың отбасыларына тиісті жәрдем көрсететін осындай орталық ашылып отыр. Енді бүлдіршіндеріміз білікті мамандардың демеуімен қатардан қалмай тиісті деңгейде білім ала алатын болады», - деді Жансейіт Қансейітұлы.

null   

Бұл "Дара" қайырымдылық қоры, Оңтүстік Қазақстан облысының білім басқармасы, "Samruk-Kazyna Trust" қайырымдылық қорының қолдауымен ашылған еліміздегі сегізінші кабинет. Онда дефектолог, психолог, логопед, сурдопедагог, тифлопедагог сынды мамандар қызмет көрсетеді. Ақысыз түрде қызмет көрсететін түзету кабинеті жылына 150 балаға дейін емдеу жұмыстарын жүргізе алады.

null 

Жиын барысында өңір басшысы "Дара" қайырымдылық қорының құрылтайшысы Гүлнар Досаеваға орталықтың құрылуына сүбелі үлес қосқаны үшін алғыс білдірді. Өз кезегінде Г. Досаева мұндай орталықта дәріс алып, ем қабылдаған науқас балғындардың қатарға тез қосылып кетуіне мол мүмкіндік болатынын айтты.

null 

Айта кетейік, Шымкент қаласында тоғыз мыңнан астам ерекше білім беруді қажет ететін жеткіншек бар. Оның ішінде 4000-нан астам баланың мүмкіндігі шектеулі болса, 672 бала мектепке дейінгі дамуында ауытқуы барлар санатына жатады. Жаңадан ашылған орталық көмекке зәру жандарға толықтай көмек көрсетеді деген сенім мол. 

null null null null 

Соңғы жаңалықтар