ОҚО-да Елбасы Жолдауын жүзеге асыру жолдары талқыланды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Бүгін «Нұр Отан» партиясы Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалының кезектен тыс ХХХІІІ конференциясы өтті.  Конференцияға қатысушылар Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын халыққа түсіндіру мен  ондағы басым бағыттарды саралап, атқаруға тиіс жұмыстарды сөз етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

null

Жиынға облыс әкімі және партияның облыс бойынша филиалының төрағасы Жансейіт Түймебаев пен саяси кеңес мүшелері, облыстық мәслихат депутаттары қатысты. Сондай-ақ қала-ауданнан сайланған делегаттар мен мемлекеттік органдардың басшылары шақырылды. Басқосуда аймақ басшысы Мемлекет басшысы атап көрсеткен он меженің өңірде жүзеге асырылуы бойынша тиісті жұмыстар басталып кеткенін атап өтті. Жолдауда көрсетілген міндеттерді іске асыру жалпыға ортақ екенін жеткізді. «Мемлекет басшысының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкүндіктері» атты кезекті Жолдауын еліміздің ертеңі үшін жасалған батыл қадам мен байыпты пайым екенін айтты.

null  

«Заман талабына орай еліміз озық та өркендеген елдерге қарап бой түзеуде. Бас құжатта айтылған барлық басымдықтар іске асқаннан кейін егемен еліміздің өзі заманауи дамудың үлгісіне айналып, дамушы елдерге үлгі-өнеге көрсететін болады. Сондықтан да Жолдауда көрсетілген міндеттерді халыққа кеңінен насихаттау мен түсіндіру жұмыстарын жандандыруды «Нұр Отандықтарға» тапсыра отырып,  ел дамуына қарқын беретін құжатта белгіленген бағыттарды бірлесе жүзеге асыруға шақырамын»,-деді Жансейіт Түймебаев.

null 

Жиында сонымен қатар халықаралық «Түркология» орталығының ғылыми қызметкері Қазыбек Тәжиев пен «Достық»  өзбек қауымдастығының төрағасы, «Нұр Отан» партиясы  Саяси кеңесінің мүшесі Икрам Хашимжановдар сөз сөйледі. Облыстық мәслихаттың депутаты, фракция мүшесі Нұралы Әбішов пен Енбекші аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бердіқұл Садықовтар да Жолдауға қатысты ойларын ортаға салды. «ҚазТрансОйл»  АҚ-ы мен  «Шымкент» қабылдау тауарлық пунктінің операторы Бағжан Нарпаевалар да көпшіліктің алдында сөз алып, Жолдаудан түйген пікірлерімен бөлісті. Елбасының қойған міндеттерін орындауда Оңтүстік Қазақстандықтар алдыңғы қатарда болатынына сенім білдірді.

null 

Конференция барысында облыстық партия филиалының Саяси кеңесі құрамына өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, мәжіліс қорытындысы бойынша қарар қабылданды.

Соңғы жаңалықтар