ОҚО-да екі тәулікте 3 бала суға кеткен

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысында екі тәулікте 3 бала суға кеткен. Қазір құтқарушылар Шымкенттегі Қарасу өзенінен үш жасар бүлдіршіннің денесін іздеуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, суға батқан үш бала да ата-анасының қарамауы салдарынан қайғылы жағдайға душар болған.  Мәселен, Сайрам ауданында үш жасар бүлдіршін байқаусызда арыққа түсіп кетіп, мерт болды. Екінші жағдай да осы ауданда тіркелді. Он жастағы бала үйдің ауласындағы бассейнге батып кеткен. Оқиға орнына келген дәрігерлер баланы құтқара алмады. Ал, Қарасу  өзеніне түсіп кеткен үш жасар қыздың денесі әлі күнге табылмай отыр. 

Соңғы жаңалықтар