ОҚО-да екі күн ішінде 4 адам ыс тиіп көз жұмды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат -  Оңтүстік Қазақстан облысында екі күн ішінде 4 адам ыстан уланып көз жұмды. Қайғылы жағдайдың бірі Шымкент қаласында тіркелген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өңірдегі газ шаруашылығы қызметінің мәліметінше, 20 қаңтар күні түнгі сағат 02:40-та Еңбекші аудандық ІІБ-ден Шығыс мөлтекауданындағы пәтерлердің бірінен үш адамның мәйіті табылғаны туралы хабарлама түскен. Алдын ала болжам бойынша 60 жастағы әйел мен 42 және 33 жастағы  ер адам  газдың  иісінен уланып қайтыс болған. Оқиға орнына келген мамандар пәтердегі газ құрылғыларын орнатуда кемшіліктер болғанын анықтады. Яғни, тұрғындар  ешбір рұқсат қағазынсыз су жылытатын қондырғы орнатып алған. Оны орнату кезінде де тиісті талаптар сақталмапты.

Екінші жағдай Сайрам ауданына қарасты Қарасу ауылында тіркелген. Жеке үйлердің бірінде  Гүлдариға Бейсеева есімді әйел де газдың иісінен уланып қайтыс болған. Оқиға орнын қарау барысында мамандар жуынатын бөлмедегі су жылытатын қондырғыны орнатуда бірқатар кемшіліктерге жол берілгенін анықтады. 

Соңғы жаңалықтар