ОҚО-да денсаулық фестивалі өтті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Шымкент қаласында облыстық денсаулық сақтау басқарамасының ұйымдастыруымен «Біздің денсаулығымыз - өз қолымызда!» атты «Денсаулық фестивалі - 2017» кең ауқымды акциясы өтті.

Облыс әкімі баспасөз қызметінің хабарлауынша, шараға қала тұрғындары, білім, денсаулық сақтау салаларының қызметкерлері, мектеп оқушылары мен студент жастар қатысты.
null 

Акцияның ашылу салтанатында сөз алған Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев шараның салауатты өмір салтын қалыптастырудағы маңыздылығын атап өтті.

«Еліміздің ұзақ мерзімді «Қазақстан-2050» даму  стратегиясының ең маңызды басымдылықтарының бірі денсаулық, білім алу мен Қазақстан азаматтарының әл-ауқатын арттырып, салауатты өмір салты мәдениетін қалыптастыру болып табылады. Осы орайда бүгінгі фестивальдің берері мол. Акцияның мақсаты - жұртшылықты салауатты өмір салтын ұстануға шақырып, қоғамның, бұқара халықтың назарын аудару», - деді Жансейіт Қансейітұлы.
null 

Айта кетейік, «Денсаулық фестивалі» 1999 жылдан бастап жыл сайын қыркүйек айында республиканың барлық өңірлерінде өткізіледі. Биылғы жылы акция салауатты өмір салтын қалыптастыру қызметінің 20 жылдығы мен «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі аясында ұйымдастырылып отыр.

Акция «Жүру зиян емес, жүрмеу зиян» ұранымен жаяу жүру марафонынан басталды. Шараға медицина ұйымдарының қызметкерлері мен студент жастар қатысып, Желтоқсан көшесі мен Д.Қонаев даңғылының қиылысынан әл-Фараби алаңына дейін жаяу жүріп өтті.
null 

Мұнан соң акцияға қатысушылар «Менің денім сау болса, елім сау» флешмобы мен «Салауатты рух» атты спорттық көріністерін тамашалады. Сонымен қатар, мектеп оқушыларының қатысуымен «Пайдалы тағамдар», «Күз сыйы» атты көрмелері аясында өнімдердің пайдалы қасиеттерін дәріптейтін шеберлік сабақтары ұйымдастырылды.
null 

Бұдан бөлек, арнайы құрылған «Денсаулық қалашығында» қала тұрғындары мен қонақтары медициналық жолдамасыз-ақ дәрігерлерге қаралып, түрлі диагностикалық тексерулерден өтіп, тегін жедел-анализдер тапсыруға мүмкіндік алды. Іс-шара соңы көтеріңкі көңіл-күй сыйлайтын түрлі мәдени-спорттық бағдарламаларға ұласты.

null 
null 

Соңғы жаңалықтар