ОҚО-да «Бойжеткен» бейнефильмінің премьерасы өтті

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облыстық Жастар ресурстық орталығында «Бойжеткен» бейнефильмінің премьерасы өтті.

Жаңа туындының режиссері  Жандос Балабиев көрермендерге фильмнің студенттік өмір жайлы түсірілгенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жалпы, жаңадан жарық көрген туынды жастар арасында суицидтің, ерте жүктіліктің алдын алу және оңтүстіктің туризмін насихаттау бағытында мелодрама жанрында түсірілген. Режиссердің сөзінше, жастарға өмірлік тәлім-тәрбие беретін бейнефильмде өмірде кездесетін көптеген қайшылықтар мен қиындықтар баяндалады. Алайда оған қыз-жігіттер  бірден берілмей, оған қарсы күресу қажет. Басты рөлдерді «Майдангерлер», «Hello ауыл» сияқты танымал фильмдерге түскен оңтүстіктің актрисасы Азиза Түлкібаева мен  «Өтелмес борыш», «Әпке», «Көке» телесериалы арқылы танылған  Береке Спатова сомдаған. Сонымен қатар оңтүстіктің Бағлан Жолдасов, Абай Әбдіұлы, Ұлан Мықтыбек, Нұрдос Насырла, Жүсіп Ақшора сында актерлері де ойнайды.

Соңғы жаңалықтар