ОҚО-да бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысында бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. Созақ аудандық халықты жұмыспен қамту орталығы ұйымдастырған шара «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған» бағдарламасын насихаттауға бағытталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жәрмеңкенің арқасында ауыл тұрғындары өз қабілеттері мен мамандықтарына қарай тұрақты жұмыс орындарын таңдап, арнай мамандармен сөйлесті. Жастар жұмысқа орналасу үшін қажетті ақпар алды. Ал, мамандығы жоқтары осыған дейін дуальды оқыту курсынан өтіп, қысқа мерзімде басқа кәсіпті игеріп алған. Бұл азаматтар да жәрмеңкеге келіп, кәсібіне қарай жұмыс іздеді.

«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған» бағдарламасы ауданымызда жолға қойылған. Қысқа мерзімді кәсіптік оқу бойынша биыл 230 азаматтан өтініш түскен. Арнайы курстарды оқып, аяқтаған 72 азаматтың 52-сі тұрақты жұмыс орнымен қамтылды. Яғни 72 пайыз адам жұмысқа тұрды деген сөз»,-дейді Созақ ауданы әкімінің орынбасары Бағдат Айдарбеков.

Жәрмеңке өткізу барысында барлық жұмыс берушілер мен жұмыс іздеушілерге бағдарлама артықшылықтарын тиімді пайдалану ұсынылды.

Соңғы жаңалықтар