ОҚО-да биыл Алғыс айту күні он күн бойы аталып өтеді

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Биыл 1 наурыз - Алғыс айту күні Оңтүстік Қазақстан облысында ерекше ұйымдастырылмақ. Бұл туралы бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Облыстық Қазақстан Халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі Мұратәлі Қалмұратов мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Спикердің сөзінше, жаңа сипатта әрі жаңа мазмұнда өткізілетін мерекелік шаралар өңірде 20 ақпаннан басталып, 1 наурызға дейін жалғасады. Мәселен 20 ақпан - Тарихқа тағзым күні болса, 21 ақпан - Қайырымдылық күні ретінде өтеді. Ал, 22 ақпан - Шабыт күні, 23 ақпан - Көршіге ізет күні, 24 ақпан - Тазалық күні, 25 ақпан - Құрмет күні, 26 ақпан - Өлкетану күні, 27 ақпан - Келісім күні, 28 ақпан - Ықылас күні, 1 наурыз - Алғыс айту күні болмақ.

«Онкүндік іс-шаралар бүгін «Тарихқа тағзым күнімен» бастау алды. Облыстық «Қазақстан халқы Ассамблеясы» ғимаратында депортация жылдары Қазақстанға тағдыр тәлкегімен қоныс аударған этностардың өткені мен бүгіні туралы кітаптар, фото, тарихи құжаттар мен жәдігерлер қойылған арнайы көрме ұйымдастырылды. Сондай-ақ, «Қазақ еліне мың алғыс!» монументінің алдында түрлі этнос өкілдері қиын-қыстау кезеңде пана болған қазақ еліне алғыс айтып, патриоттық тақырыпта өлеңдер оқыды»,- деді Мұратәлі Қалмұратов.

Соңғы жаңалықтар