ОҚО-да бес жасар бүлдіршін суға батып кетті

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысында бес жасар бүлдіршін суға батып кетті. ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті баспасөз қызметінің мәліметінше, қайғылы жағдайдың орын алуына ата-анасының баласына қарамауы себеп болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«21 сәуір күні сағат 17.50-де Мақтаарал ауданына қарасты Атакент ауылында 2013 жылғы бала абайсызда «К-39» каналына батып кеткен. Оған бүлдіршіннің қараусыз қалуы себеп болған. Баланың денесін сол маңда өтіп бара жатқан ауыл тұрғындары алып шыққан», - делінген хабарламада.

Осы орайда төтенше жағдай қызметкерлері ата-аналарға балаларының өміріне үлкен жауапкершілікпен қарап, абай болуды ескертеді.

Құтқарушылар ата-аналарға балаларды қараусыз қалдырмауды ескертті.

«Оңтүстік өңірде күн жылынып, шомылу маусымы басталмаса да балалардың суға кетуі жиілеп кетті. Баланың өмірі кез-келген ата-ана үшін қымбат екені даусыз. Кішкентай балаларыңызды қараусыз қалдырмасаңыздар»,- деп мәлім етті төтеншеліктер. 

Соңғы жаңалықтар