ОҚО-да бензиннің бағасы 147 -167 теңгеге қымбаттап кетті

None
None
  ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысында бензиннің бағасы 147 -167 теңгеге қымбаттап кетті. Мұның себебін жанар-жағар май сатушылар оларға бөлінетін бензин көлемінің азайып кетуімен түсіндіреді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.

Мәселен, АИ-92 бензині облыс орталығында бұған дейін 140-141 теңгеден сатылса, енді оның бағасы 147 теңгеге дейін жеткен. Ал, АИ-95 өткен аптада 158 теңгеден болса, қазір 166-167 теңгеден босатылуда. Бұл мәселеге орай өңірдің «Жанар-жағар май қауымдастығының» төрағасы Қайыпбек Қамбаров өз уәжін айтады.
null

Оның сөзінше, жыл сайын осы мезгілде бензин бағасының өсуі қалыпты жағдай, ол үшін аса даурығудың қажеті жоқ. Оның үстіне Атырау мұнай өңдеу зауытында жоспарлы түрде күрделі жөндеу жұмыстарының жүргізілуі бағаның өзгеруіне әсер еткен.

Қазақстан 30-35 процент импортқа тәуелді. Яғни, жетпеген бензинге сұраныс көбейген соң, баға өзінен өзі көтеріледі.

«Жанармай бекеттеріне бөлініп берілетін бензин азайып кеткен соң, баға көтеріледі. Ал, егер бензин көп болса, одан баға түседі. Негізі алдағы уақытта тағы да баға одан да көтерілуі мүмкін. Себебі, біз бағаны көтермейміз дегенімен нарық өзінің бағасын белгілейді. Баға бір орнында тұрмайды ғой. Оның үстіне біздің мемлекет 30-35 пайыз импортқа тәуелді»,- дейді Қайыпбек Қамбаров.

Бағаның күрт көтерілуі жүргізушілерге қиын соғып тұр. Өйткені қазір бензиннің бағасы бір бүйірінен қысса, екінші жағынан қосалқы бөлшек те қымбаттап кеткен.

Ал, Атырау мұнай өңдеу зауытындағы жоспарлы жөндеу жұмыстары қыркүйектің соңына таман аяқталады деп жоспарланып отыр. Жүргізушілер баға сол уақытта түсуі мүмкін деген үмітте.

null

Соңғы жаңалықтар