ОҚО-да балаларға арналған қайырымдылық акциясы өтті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысындағы «Оңтүстік» Аймақтық инвестициялық орталығы ұжымы «Балаларға шаттық сыйлайық!» атты қайырымдылық акциясын өткізді.

null

Облыс әкімі баспасөз қызметінің хабарлауынша, Шымкент қаласындағы №3 балалар үйінде өткен шараның мақсаты - ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалардың көңілін көтеріп, өңіріміздегі барлық қаржы ұйымдарын қайырымдылықпен айналысуға шақыру.

Мерекелік шара барысында аниматорлар балаларға арнап түрлі мултипикациялық туындылар қойып, концерттік эстафета өткізді. Өз кезегінде сөз алған «Оңтүстік» Аймақтық инвестициялық орталығының басшысы Қуаныш Байтөре бұндай шараларды тұрақты түрде өткізіп тұруға уәде етті.

«Біз балаларға күлкі сыйлау мақсатында қайырымдылық акциясын ұйымдастырдық. Енді басқалар да үлгі алып, бұл дәстүрді жалғастырғанын қалар едік. Себебі балалардың көңілін көтеру үшін арнайы мереке күтудің қажеті жоқ», - деді орталық басшысы.

null

Ұжымға өзінің ризашылығын жаудырған балалар үйінің меңгерушісі, бүлдіршіндерге міндетті түрде сыйлық алып келу міндетті емес, оларға сіздердің көңіл бөлулеріңіз маңызды, - деп, есіктерінің әрқашан да ашық екендігін білдірді.

Шара соңында балаларға арнайы сыйлықтар таратылды. Балалар өз тілектерін айтып, әуе шарларын аспанға ұшырды.

Мұнан соң «Оңтүстік» АИО ұжымы балаларды 2 қабатты туристік автобуспен Шымкент қаласына серуенге алып шықты. «Қиял әлемінен» бастау алып, Бәйдібек би ескерткішінде аяқталатын екі сағаттық саяхат барысында балалар Шымкент қаласының ең әдемі, көрікті жерлерін тамашалады. Жол бойы арнайы аудиогид жұмыс жасап, балаларды қаланың тарихи және бүгінгі сәулетімен кеңінен таныстырды.

null

Соңғы жаңалықтар