ОҚО-да бағаны тұрақтандыру мақсатында әлеуметтік дүкендер ашылды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысында базардағы бағаны тұрақтандыру мақсатында әлеуметтік дүкендер ашылуда. Түлкібас ауданында қазірдің өзінде осындай 4 сауда орны қызмет көрсетеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

null null

Жергілікті билік пен дүкен қожайындары өзара келісімге келіп, осы сауда орындарының ашылуына мұрындық болды. Әкімдіктегілер дүкендерге тегін ғимарат беріп, тауарлардың қолжетімді бағада сатылуына жағдай жасады. Осы әрекеттердің арқасында әлеуметтік жағдайы төмен тұрғындарға күнделікті тұтыну тауарлары 20-30 пайыз арзан бағада саудалануда. Мұның өзі ауылдағы жұртшылыққа бірден-бір көмек болып отыр. Мәселен, Түлкібас кентінде тұрмысы төмен деген 85 отбасы бар болса, олардың тізімі әлеуметтік дүкендерге берілген. Тұрғындар осы сауда нысандары арқылы күнделікті тұтынатын тауарларына төмен бағада қол жеткізіп, қажет кезде киім-кешекті тегін алып кетеді. Ал, дүкендегі тауарлар жергілікті кәсіпорындарда өндірілген. Аудан әкімдігінің басшылығы кәсіпкерлер мен кәсіпорын қожайындарымен келісім жасасып, тауарлардың тікелей жетуін қамтамасыз етіп отыр. Осының арқасында дүкен ашыла салысымен оған келушілер саны артты. Азық-түлікті базардан тасып жүрген тұрғындар биліктің бұл бастамасына дән риза.

null null null 

«Бұл жердің бағасы базардағыға қарағанда 20-30 пайыз төмен. Әрі халыққа қолжетімді бағада. Бәрі арзан. Жәнеде жағдайы төмен отбасыларға да бағасы төмен, қолжетімді. Және киімдер бар, тегін беріледі», - дейді ауыл тұрғыны Нұргүл Қамысбаева.

null  

Соңғы жаңалықтар