ОҚО-да әжесі мен немересі иістен уланып қайтыс болды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысында әжесі мен немересі иістен уланып қайтыс болды. Қайғылы жағдай Сарыағаш ауданында ауданының Қошқарата ауылдық округінде орын алған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше 72 жастағы зейнеткер мен 12 жастағы жеткіншектің өлі денесін таңғы сағат сегіздер шамасында туыстары тауып алыпты. Сол күні түнде үйде екеуі ғана қалған екен. Оқиға орнына жедел жәрдем қызметін шақыртқан. Алайда дәрігерлер болжам бойынша әжесі мен немере қызы түнгі сағат 23.00-дер шамасында көз жұмғанын айтыпты. Оқиға орнына жеткен Абай газ шаруашылығы мамандары үйдегі жылыту жүйесінің құбырларын тексеру барысында көптеген кемшіліктерді анықталған. Газдың иісін сорып, сыртқа шығаратын құрылғы болмай шықты. Қазір тиісті сот-медициналық сараптамалар тағайындалып, иістің шығу себептері анықталуда.

Айта кетейік, өңірде жыл басынан бері улы газдан 56 адам зардап шегіп, 20 адам қайтыс болған. Оның ішінде 8 бала бар. Осыған орай төтенше жағдайлар қызметкерлері тұрғындарға үйге пеш орнатқанда сақтық шараларын қатаң сақтауды ескертіп отыр.

Соңғы жаңалықтар