ОҚО-да ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 445 млрд. теңгені құрады

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат -  Оңтүстік Қазақстан облысында өткен жылы ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 445 млрд. теңгені  құрады.

Осы саланы  қолдауға былтыр облыс бюджетінен 32 млрд теңге бөлінсе, биыл оның көлемі 27 млрд теңге болды. Бұл туралы өңірдің Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Серік Тұрбеков облыстық әкімдікте  өткен селекторлық мәжілісте мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.

Серік Тұрбековтың сөзінше,  ауыл шаруашылығы бойынша нақты көлем индексі 104,9 пайызға жетіп,  негізгі капиталға 10,7 млрд.теңге тартылған. 

Баяндамашыны мұқият тыңдаған аймақ басшысы Жансейіт Түймебаев сала жетекшісіне тиісті тапсырма жүктеді. Жансейіт Қансейітұлы ауылшаруашылық өнімдерін өңдеу және қайта өңдеу кәсіпорындарын құру бойынша жұмыстарды жетілдіру қажеттігін ескертті. Сондай-ақ облысқа көптеген ірі инвесторлар келіп сүт және ет өнімдері өндірісін дамытуға ниет білдіргенімен, оларды стратегиялық серіктес ретінде ары қарай қызықтыру жұмыстары төмен денгейде екендігін айтты.

Экономикалық индикаторлар бойынша жұмыстардың тиісті деңгейде орындалып, облысқа қаржы тартуда инвесторларға жағдай жасалу қажеттігін атап өтті. Жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағыты бойынша несиелендіру механизмдерін халыққа кеңінен түсіндіру мақсатында арнайы парақшаларды әзірлеп тарату халыққа тиімді болатынын айтқан облыс басшысы жаңа бағдарламаны іске асыруда Кәсіпкерлік, Ауыл шаруашылығы және Жұмыспен қамту басқармаларына бірлесіп, үйлесімді жұмыс жүрізуді тапсырды.

Соңғы жаңалықтар