ОҚО-да ауласына көкнәр еккен тұрғын ұсталды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысында тәртіп сақшылары ауласына көкнәр егіп келген тұрғынды қолға түсірді. Оның сөмкесінен 60 келі есірткі шөбі тәркіленген, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.

Облыстық ІІД есіткіге қарсы күрес басқармасының қызметкерлері ұстаған күдікті Сарыағаш ауданының тұрғыны екенін анықталды. Оның үйін тінту барысында есірткі өсімдігінің 4 мыңдай данасы табылған. Сот-криминалистік сараптама қортындысы бұл шөптердің көкнәр екенін дәлелдеген. Қазіргі таңда сезіктінің үстінен Қылмыстық кодекстің 300-бабы «Құрамында есiрткi заттар бар, өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi заңсыз егіп-өсірумен» байланысты іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Есірткі өсіруші уақытша тергеу абақтысына қамалды.

Соңғы жаңалықтар