ОҚО-да ата-аналар форумы өтті

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысында «Отбасы, қоғам - игілікті болашақпен бірге» атты ата-аналар форумы өтті. Ордабасы аудандық білім бөлімі ұйымдастырған басқосуға аудандық әжелер алқасы, тәрбие әдіскерлері мен ата-аналар қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бала тәрбиесін жетілдіруге бағытталған шарада жиналғандар отбасы құндылықтарын сөз етіп, рухани бағдарлама бағыттарын бағамдады. Отбасы адам үшін ең жақын әлеуметтік орта екенін айтқан ұстаздар қауымы, жанұяда белгілі дәстүрлер, жағымды өнегелер мен рухани құндылықтар болуы керектігін атап өтті.

«Аудандық білім бөлімінің өткізіп отырған ата-аналарға арналған форумында өте маңызды, түйінді нәрселер қозғалды. Шын мәнінде қоғамымызда білім берумен қатар, тәрбие берудің маңыздылығы зор. Мынау жаһандану заманында жауаптылық артып жатқандығын атаналар толық сезінуі тиіс. Оны өздері де мойындап отыр»,- дейді Ордабасы аудандық Әйелдер кеңесінің төрайымы Мәриям Зәйтүнқызы.

Форум барысында ақ жаулықты әжелер бала тәрбиесіндегі өзекті мәселелерді қызу талқылады. Аудандағы ата-аналар кеңесінің жұмысына көңіл бөлді. Ал, үздік деп танылған отбасылар аудан әкімінің алғыс хатымен марапатталды. Отбасы негіздерін дәріптейтін форумда сондай-ақ әдістемелік көрме ұйымдастырылды. Тәрбиелік мәні терең бейнефильм де қөрермен көңілінен шықты.

Соңғы жаңалықтар