ОҚО-да анасы мен әйелін пышақтаған тұрғын қамалды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат  -  Оңтүстік Қазақстан облысында анасы мен әйелін өлтіріп, әкесіне қарай ұмтылған тұрғын қамауға алынды. Бүгін Ордабасы аудандық соты 28 жастағы Шұбарсу ауылының тұрғынын қамауға алу туралы санкция берді, деп хабарлайды  ҚазАқпарат тілшісі.

Аудандық соттың мәліметінше, күдіктіге ҚК 99 бабы «Адам өлтіру» бойынша қылмыстық іс қозғалған. Ауыр қылмысты Облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот қараыйды деп күтілуде.

Айта кетейік, қайғылы оқиға 23 ақпан күні Ордабасы ауданындағы Шұбарсу ауылында болған еді. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, ер адам алдымен әйелін бауыздаған, артынша көмекке асыққан анасына да пышақ сұғып алған. Кейіннен әкесін өлтіруге оқталыпты. Кішкентай баласы бар отағасының мұншалықты залымдыққа не итермелегені әзірге белгісіз. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері оқиғаның мән-жайын тексеріп жатыр.

 

Соңғы жаңалықтар