ОҚО-да алдағы 5 жылда 205 мектеп салынады

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат -Оңтүстік Қазақстан облысында алдағы 5 жылда 205 мектеп салынады. Сондай-ақ бейімделген ғимаратта орналасқан білім ошақтары мен үш ауысымда білім беретін мектептердің қатары азаяды, -деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.

Статистика мәліметтерге сүйенсек, елімізде әрбір бесінші бала Оңтүстік Қазақстан облысында туады. Бір жылда өңірде 70 мыңнан астам сәби дүниеге келеді. Осы көрсеткішке қарап, соңғы жылдары облыстағы халық өсімі жыл санап артып отырғандығын байқауға болады. Яғни, Оңтүстік Қазақстан облысы демографиялық даму жағынан республикада алдыңғы қатарда. Нәтижесінде жыл сайын мектептердегі оқушылар саны шамамен 30 мыңға өскен.

Облысымыздағы 1021 мектептің 256-сы бейімделген ғимаратта орналасса, оның 82-сі саманнан салынған. 31 елді мекенде мектеп жоқ. Ал, 29 мектеп үш ауысымға өтудің алдында тұр. Осы күрмеулі мәселелерді шешу мақсатында алдағы 5 жылда облыста 205 мектеп салынбақ.

Бұдан бөлек, «Балапан» бағдарламасы аясында 3 пен 6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі ұйымдармен қамту мәселесі мемлекеттік- жекеменшік әріптестік аясында шешімін табады. Осы бастаманың арқасында алдағы 3 жылда балаларды балабақшамен қамту деңгейін 100 пайызға жеткізу жоспарланып отыр.

Соңғы жаңалықтар