Ауа райы
Астана 0 °С
Алматы -4 °С
валюта бағамы
USD 332.21
EUR 391.74
RUB 5.57
CNY 50.08

ОҚО-да 8 ірі ауыл шаруашылық жобасы жүзеге асырылуда

ОҚО-да 8 ірі ауыл шаруашылық жобасы жүзеге асырылуда
2017 жылғы 20 маусым 16:35 1011

АСТАНА. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысында шикізат секторынан дайын өнім секторына өту бағытында 8 ірі инвестициялық жобалар жүзеге асырылуда, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.


ОҚО-да 8 ірі ауыл шаруашылық жобасы жүзеге асырылуда
Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникация қызметінде өткен брифингте облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысы Серік Тұрбеков мәлім етті.

Оның айтуынша, облыста инвестиция соммасы 18,5 млрд теңгені құрайтын, қуаттылығы жылына 30 мың тонна құс етін өндіретін «АK Kazyna» ЖШС-ның жобасын іске асыру жұмыстары басталған. Ал, «Ордабасы-Құс» ЖШС  күркетауық етін өндіру өңдеу өндірістік қуаттылығын жылына 25 мың тоннаға жеткізу бойынша келісімге қол қойған. Мұнан бөлек, Шардара ауданында балық өнімдерін қайта өңдейтін екі зауытты іске асыру жұмыстары жүргізілсе, инвестиция соммасы 7,8 млрд теңге құрайтын түйе сүтін қайта өңдейтін зауыт салу жұмыстары басталған.

Сондай-ақ, Қытай инвесторларымен инвестиция соммасы 21,6 млрд теңге құрайтын томат зауытын салу жобасы келісілсе, 1 мың га аумаққа қарқынды жаңғақ бауын отырғызу жобасын жүзеге асыру инвесторлар тарапынан келісімін тапты. Аталған жоба бойынша жерді таңдап, құжаттарды рәсімдеу жұмыстары жүргізілуде. Бұдан басқа, бірнеше инвесторлардың қатысуымен инвестиция соммасы 51,2 млрд теңге құрайтын 136 га аумақта Шымкент қ. өндірістік жылыжайлар салу жобасын («Тепличный рай») жүзеге асыру жоспарлануда. Ал, Қазығұрт ауданында «Асыл бастау» ЖШС инвестиция соммасы 603 млн теңге құрайтын құрғақ сүт және сары май шығару зауыты салынуда.

ОҚО-да 8 ірі ауыл шаруашылық жобасы жүзеге асырылуда 

«Мемлекет басшысы жыл сайынғы Қазақстан халқына арналған Жолдауында елдің аграрлық саласына аса басымдылық беріп, жылдан-жылға сала қарқынды даму үстінде. Оған дәлел, өткен жылы ауыл шаруашылығы жалпы өнім көлемі 480,4 млрд теңге, нақты көлем индексі 105 % құрады. Соңғы бес жылда шамамен 2 есеге ұлғайды. Жалпы өнімнің Республикадағы шаққандағы үлесі 13% құрады. Бұл облыстың аграрлық саласының экспорттық және алдағы уақытта Республика халқын негізгі азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз ететін Орталыққа айналдыру әлеуетінің жоғарғы екендігін көрсетеді», - деді басқарма басшысы.

ОҚО-да 8 ірі ауыл шаруашылық жобасы жүзеге асырылуда 

Елбасы Жолдауында «Аграрлық сектор экономиканың жаңа драйверіне айналу  керек» деп, ауыл шаруашылығы саласына үлкен міндеттер жүктеді.

Осы Жолдауда белгіленген міндеттер бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға  жеке-жеке тоқталған Серік Тұрбеков  2021 жылға дейін агроөнеркәсіп кешені экспортының  көлемі 35 %-ға, 90 мыңнан астам жеке фермерлік шаруашылықтарды біріктіретін 600-ден астам кооперативтер құру және 118,8 мың суармалы жерлерді қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатқанын атап өтті.

ОҚО-да 8 ірі ауыл шаруашылық жобасы жүзеге асырылуда 

Басты сөздер: Оңтүстік Қазақстан облысы, Ауыл шаруашылығы,
Қате таптыңыз ба? Белгілеп, CTRL+ENTER басыңыз

Пікір қалдыру

Соңғы Пiкiрлер