ОҚО-да 7 жасар баланы ұру және зорлау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат  - Оңтүстік Қазақстан облысында 7 жасар баланы ұру және зорлау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды  ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, келеңсіз жағдай Сарыағаш ауданына қарасты Абай ауылында тіркелген.

«Сарыағаш ауданындағы жасы кәмелетке толмаған 7-жасар балаға қатысты мектеп оқушылары ұрғаны және зорланғаны жөніндегі дерек бойынша Қылмыстық кодексінің 121-бабының 4-бөлігімен Сарыағаш аудандық ІІБ ПБ қылмыстық іс қозғап, тергеу жүргізіп жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалған. Қылмыстық істің тергеуіне қатысты қалған мәліметтер тергеу құпиясы болғандықтан, жариялануға жатпайды. Істің тергелуі ОҚО ІІД басшылығының жеке бақылауында», - делінген баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Айта кетейік, әлеуметтік желіде «Абай ауылындағы мектептердің бірінде 7 жасар баланы жоғары сынып оқушылары бірнеше рет зорлап келген» деген ақпарат тараған болатын. Жеткіншектің әжесі құзырлы органдарға арызданғанымен, бұл жайтқа қатысты тергеу шаралары жүргізілмегенін айтып шағымданған еді. 

Соңғы жаңалықтар