ОҚО-да 7 сайлау округінде мәслихат депутаттарының сайлау науқаны аяқталды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысында түрлі деңгейдегі мәслихаттағы бос орындарға сайлау өтті. Өңірдегі жеті сайлау округіне келген дауыс берушілер өз таңдауларын жасады. Бүгін бұл туралы ОҚО өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Әлібек Өмірәлиев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әлібек Өмірәлиевтің сөзінше, сайлауды әзірлеу және өткізу барысында комиссиясының атына ешқандай арыз-шағым түскен жоқ. Сайлау Конституциялық заң талаптарына сай өткізілген. Нәтижесінде № 11 облыстық сайлау округі бойынша облыстық мәслихаттың депутаты болып «Ұлы Орда» ЖШС-нің президенті Қайрат Сүлейменов сайланған. Ал, № 35 сайлау округі округі бойынша өзге үміткерлерден «SAURAN group» ЖШС-нің кеңесшісі Абдурашит Омаров басым түскен.

«Сонымен қатар, № 49 сайлау округі бойынша облыстық мәслихаттың депутаты болып «Хамит» АӨК басқармасы төрағасы Серманиязов Бақытжан Қыпшақбайұлы, ал № 50 сайлау округі бойынша облыстық мәслихаттың депутаты болып Қазақстан инженерлік-педагогикалық «Халықтар достығы» университетінің ректоры Қуатбекова Рабиға Әбдімұсақызы сайланды», - деді Әлібек Өмірәлиев.

null 

Комиссия төрағасының айтуынша, бос орындарға депутат сайлау үшін облыс бойынша 10 сайлау округі жұмыс істеп, 91 мың 974 адам дауыс берген. Жалпы депутаттыққа 42 адам өтініш білдірген. Олардың 38-і тіркеліп, оның 20-сы декларациялық айырмашылық пен жеке арыздары бойынша сайлауға қатыстырылмаған. Қалған 18 үміткердің ішінде 4 адам облыстық, 2 үміткер қалалық, 1 адам аудандық мәслихатқа сайланды.

null 

Соңғы жаңалықтар