ОҚО-да 6 500-ге жуық мемқызметкер аттестаттаудан өтті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ОҚО-да 6500-ге жуық мемқызметкер кешенді аттестаттаудан өтті. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ОҚО бойынша департаментінің басшысы Әли Көмекбаев мәлім етті, деп хабарлайды әкімнің баспасөз қызметі.

Елбасының «100 нақты қадам» ұлт Жоспарында мемлекеттік қызметтің кәсібилігін арттыру тапсырмасы аясында жүргізілген кешенді аттестаттау қорытындысын баяндаған департамент басшысы өңірдегі 8 700 мемлекеттік әкімшілік лауазымның 212-сі бос орындар, ал қалған 8 489 мемлекеттік әкімшілік қызметшінің 6 483-і аттестация тапсырғанын жеткізді.

«Ұлт жоспарының бір қадамы бұл - елімізде алғаш рет өткізілген кешенді аттестаттау. Кешенді аттестаттау дейтін себебіміз, бұл мемлекеттік қызметшілерді жай ғана сынақтан өткізу емес.  Аттестаттау кезінде бұрын-соңды мемлекеттік қызметте болмаған үдеріс - мемлекеттік қызметшінің құзіреттілік қасиеттері сыналады. Қызметшілердің қызметті тұтынушыларға бағдарларлану, қызметті тұтынушыларға хабарландыру, қызметті басқару, ынтымақтастық, шешім қабылдау, жеделділік, өздігінен даму, адалдық, жауапкершілік, бастамашылдық және стресске орнықтылық сияқты құзыреттері бойынша бағалау тестілеу арқылы жүргізілді», - деді Ә.Көмекбаев.

Жалпы облыста барлығы 63 комиссия құрылып, өздеріне жүктелген жұмысты жақсы атқарып шығып, аттестаттауды өз деңгейінде өткізген. Аттестаттауды оң нәтижемен аяқтаған 239 қызметші жоғарылатуға ұсынылған. Қазіргі уақытта әңгімелесу кезеңінен 6 483 қызметкер өтті. Облыс бойынша 62 адам (1 пайыз) қызметіне сәйкес емес деп танылып, лауазымында төмендетілу ұсынылды. Құзыреттіліке сәйкестігі деңгейін анықтау нәтижесі бойынша 21 қызметшіні (0,4 пайыз) атқарып отырған лауазымынан босату ұсынылған. Ал, облыста 94,9% мемлекеттік қызметшілер атқарған лауазымдарына сәйкес деп танылды. Спикердің айтуынша, бұл көрсетікш облыс бойынша оң нәтиже деп саналады. 

Соңғы жаңалықтар