ОҚО-да 39 жастағы ер адам жоғалып кетті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ОҚО полицейлері із-түзсіз жоғалған 39 жастағы ер адамды іздеп жатыр.

«2016 жылы 24 қазанда Қазығұрт АІІБ-ге  1979 жылы туған Шымкент тұрғыны 22 қазанда шамамен сағат 12.00 1977 жылы туған оның күйеуі Абдуллаев Әкімжан Абылайұлы Қазығұрт ауданы Ащыбұлақ ауылындағы туыстарына кетіп, оннан шамамен сағат 19.00 шығып, із-түзсіз жоғалғанын хабарлаған», - деп хабарлады ОҚО ІІД.

Жоғалғанның бойы 170-175 см, орташа денелі, беті сопақша, көзі қара, шашы қысқа қара, маңдайы ашық, мұрны солға қарай қисайған. Ерекше белгілері: жол-көлік апаты салдарынан маңдайы мен сол қолында тыртық қалған. Қара жолақтары бар қоңыр пиджак, қызыл көйлек, торы бар бас киім, көк-қара шалбар, қоңыр туфли киген.  

Аталған факт Қазығұрт АІІБ сотқа дейінгі тергеу амалдарының бірыңғай реестріне тіркелді.

Жоғалған туралы ақпарат білетіндерден  Қазығұрт АІІБ-ге: 8-72539-2-12-46, 8-776-303-95-55 номерлері бойынша хабарлауды немесе  «102» номеріне қоңырау шалуды сұрайды.

Соңғы жаңалықтар