Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
Астана: -21 °С
Алматы: -11 °С
USD 319.32 EUR 396.28
RUB 5.66 CNY 50.34
Жаңалықтар

ОҚО-да 37 жастағы тұрғын қырым қанды безгегін жұқтырды

2017 жылғы 18 мамыр 12:11 1279
Поделиться:
ОҚО-да 37 жастағы тұрғын қырым қанды безгегін жұқтырды

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысында күн жылынғалы бері мыңнан аса адамды кене шағып, бір адам қырым қанды безгегін жұқтырып алды. Бұл туралы өңірдің тұтынушылар құқығын қорғау департаментінің мамандары мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.

Департаменттің бөлім басшысы Талғат Арымбаевтың сөзінше, бүгінгі таңда кене шаққан тұрғындардың саны 1119 құрап отыр, ал қырым қанды безгегін жұқтыру жағдайы Мақтарал ауданында тіркелді.

«37 жастағы тұрғынның айтуынша, ол 7 мамыр күні қой қырыққан. Сол кезде аяғын кене шағып алыпты. Артынан ыстығы көтеріліп, мазасызданған. Дәрігерге қаралып, безгекті жұқтырғаны анықталды. Бүгінде науқастың жағдайы қалыпты. Мақтарал ауданындағы орталық ауруханасында ем қабылдап жатыр»,-дейді бөлім басшысы.

Сондай-ақ қазіргі таңда облыс көлемінде кенеге қарсы дәрілеу жұмыстары жүргізілуде екен. Сала мамандарымен 13 мыңға тарта кене жинап, зерттепті. Олардың айтуынша, көктемгі ауа райының салқын болуынан жәндіктер мутацияланып, олардың түрі 30-ға жеткен. Басым көпшілігі зиянды екені анықталған.

«Өткен жылмен салыстырғанда биыл кенелердің белсендігі кештеу басталды. Жәндік шаққандардың саны да шамалы төмендеген. Мұның бәрі биылғы жылғы ауа райының жаңбырлы болуынан деп отырмыз. Дегенмен, бізді кененің түрі көбейіп бара жатқаны алаңдатады. Сондықтан мониторинг жүргізіп жатырмыз»,-деді Талғат Арымбаев.

Эпидемиологтар тұрғындарға тауға шыққанда ұзын жеңді киім мен шалбар киіп жүру қажеттігін ескертеді.

«Күнделікті денесін тексеріп қою да артықтық етпейді»,-дейді олар.

 

 


Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Онлайн қызметкерлер
Редактор
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
Редактор
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
Редактор
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
Мұрағат