ОҚО-да 3 млн-шы тұрғынға пәтер беріледі - Жансейіт Түймебаев

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысында 3 млн-шы тұрғын дүниеге келсе, пәтер беріледі. Бұл туралы аймақ басшысы Жансейіт Түймебаев кезекті есептік жиында мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Айта кетейік, есептік жиында Гүлжан Жолбарыс есімді көпбалалы ана әкімге облыста 3 млн-шы нәресте туылса, қандай сый-сыяпат жасайтынын сұраған болатын. Жиында сонымен қатар Қазығұрт ауданындағы ескірген мектептердің мәселесі мен Сарыағаш ауданындағы каналдарды тазарту мәселелері де көтерілді. Халық алдында есеп берген Жансейіт Қансейітұлы сондай-ақ өңірдегі 9 ауданда педагогтарға арналған 20 көпқабатты қызметтік үй салынатынын атап өтті.

Ондағы пəтерлер ауыл мектептеріне жіберілетін мұғалімдерге беріледі. Облыс әкімі бақша өнімдерін шетелге экспорттаудан үлкен пайда тауып жатқан аудандардың қатарында Мақтарал, Шардара аудандары көш бастайтынын айта келе, жалпы өңірдің әл-ауқатын көтерудің бірден бір жолы - ауыл шаруашылығын дамыту екенін еске салды. Аграрлы аймақтың агроөнеркәсіп саласында атқарылған жұмыстарына тоқталған әкім мемлекеттік қолдаудың арқасында 522 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, 2 пайызға артқанын және бұл көрсеткіш бойынша облыс республикадағы үлесі бойынша 2-ші орынға көтерілгенін айтты.

null 

Сонымен қатар Мақтарал, Сарыағаш, Шардара аудандарының электр қуаты тапшылығын болдырмау және аймақты жеткілікті электр қуатымен қамтамасыз ету үшін «Қызыләскер» қосалқы стансасының салынатын сөз етті.

«Жаһандық жаңартылған энергия көздерін қолдануды инвесторлар арқылы жүзеге асыру біздің басты бағыттарымыздың бірі. Осыған байланысты, Төлеби ауданында қуаты 2,5 МВт «Кеңес» шағын су электр станциясының құрылысы басталады. Сарыағаш ауданында жалпы қуаты 5 МВт болатын екі шағын су электр станциясы, сонымен бірге «Жылға» ауылында қуаты 20 МВт күн электр станциясының құрылысы басталады. Бұл электр станциясы күннен өндірілген электр энергиясын теміржол көлігі саласында пайдаланатын әлемдегі ең алғашқы жоба болады. Бұдан бөлек, Жетісай қаласы маңында күн электр станциясы құрылысын жүргізу жоспарда тұр. Жобаға 10,7 га жер бөлінген, қуаты 4,8 МВт. Сонымен қатар, Бәйдібек ауданында қуаты 40 МВт және Отырар ауданында жалпы қуаты 135 МВт күн электр станциялары бой көтереді», - деді Ж.Түймебаев.

null 

Өндірісті дамытуға қолайлы жағдай жасап, облыс тұрғындарын қажетті инфрақұрылыммен қамту басты бағыттағы жұмыстардың бірі екенін айтқан өңір басшысы электрмен қамту саласы бойынша 13 нысанның құрылысы жүргізілетінін атап өтті. Нәтижесінде облыстағы 686 елді мекен тұрғындары сапалы электр қуатын тұтынатын болады.

Сонымен бірге әкім таза ауыз сумен қамтамасыз ету саласында 39 жоба іске асырылып, су құбыры мүлдем жоқ 13 елді мекенге жаңа ауыз су құбырлары салынып, қамтылған елді мекендер саны 636-ға жететінін айтты.

null 

Есепті жиында мәлім болғанындай облыста табиғи газбен қамтамасыз ету саласында 67 нысанның құрылысы жүргізіліп, 42 елді мекенге, яғни, 60,3 мың тұрғынға табиғи газ жеткізілетін болады. Бұл облыстағы жалпы 386 ауылды, немесе тұрғындардың 46,2 пайызын қамтамасыз ету деген сөз.

null 

Соңғы жаңалықтар