ОҚО-да 3 күн ішінде рөлде телефонмен сөйлескен 600 жүргізуші жазаланды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысында «Құқық тәртібі» жедел-профилактикалық шарасы барысында 602 жүргізуші көлік басқарып келе жатып, телефонмен сөйлескені үшін әкімшілік жазаға тартылды. Бұл туралы ҚазАқпарат облыстық ІІД-не сілтеме жасай отырып хабарлайды.

«Жол-көлік ережелерін бұзғаны үшін тәртіп сақшылары 1400-ге жуық құқық бұзушыларды жауапқа тартты. Олардың 32-сі көлікті мас күйінде басқарған. Сондай-ақ полиция қызметкерлері көлікті басқарып келе жатып, телефонмен сөйлескен 602 жүргізушіге, қауіпсіздік белбеулерін тақпаған - 681, жылдамдықты шектен тыс асырған - 71, жолдың қарсы бағытына шығып кеткен 17 жүргізушіге қатысты әкімшілік хаттама толтырды»,-делінген хабарламада.

«Құқық тәртібі» жедел-сауқтыру шарасының 3 күнінде ОҚО-ның тәртіп сақшылары 160-тан астам қылмысты әшкереледі. Олардың 150-і бұрын жасалған қылмыстар және олардың біреуі кісі өлтірумен байланысты болса, тағы екі қылмыс тонау әрекетіне қатысты болып отыр. Тәртіп сақшылары іздеуде жүрген 2 қылмыскерді ұстап, есірткі сақтаған 1 күдіктіні қолға түсірді.

Бұған қоса полицейлер жедел-сауықтыру шарасының 3 күнінде 4 мыңнан астам әкімшілік құқықбұзушылықтарды анықтады. Олардың 189 фактісі ұсақ бұзақылық та 435 факті спиртті ішімдікті пайдаланып, мас күйінде қоғамдық орындарда жүру әрекетіне қатысты болып отыр.

Сондай-ақ көші-қон заңының талаптарын бұзған 200-ден астам адам анықталып, 70-тен астам адам арнайы қабылдау орындарына жөнелтілді.

Соңғы жаңалықтар