ОҚО-да 250 адам «Нұр Отан» партиясының кадрлық резервіне алынды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысында 250 адам «Нұр Отан» партиясының кадрлық резервіне алынды. Бұл туралы көшбасшы партия филиалы төрағасының орынбасары Қалыйма Жантөреева мәлімеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.

Қалыйма Жантөреқызының сөзінше, 3 миллионға жуық халқы бар өңірде таңдаулылар қатарына енген 250 адамның 30 пайызын нәзік жандылар құрауы керек. Алайда күнгейде бұл көрсеткіш тіпті, 16 пайызға жетпейді. Сондай-ақ жақын мерзімде резервке енгендер мәслихат депутаттығына, партия филиалдарының саяси кеңесі мен қоғамдық кеңестер мүшелігіне бірінші кезекте ұсынылмақшы.

Айта кетейік, «Нұр Отан» партиясының кадрлық резерв туралы ережесінің талаптарына сәйкес келетін және тестілеуге жіберілген кандидаттардың тізімі партияның веб-сайтында жарияланатын болады.  Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны аймақтық филиалда партияның веб-сайтында әңгімелесу кестесі жарияланғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде өтеді. Тестілеу мен әңгімелесуді өткізу күні мен орны туралы ақпарат партияның https://nurotan.kz/ веб-сайтында орналастырылатын болады. Үміткерлердің қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылмауы, сыбайлас жемқорлыққа жағдай жасайтын теріс қылықтарының, алынып тасталмаған партиялық жазаларының болмауы жөніндегі талаптар әр деңгей үшін міндетті болып табылатынына да назар аударылады.  

Соңғы жаңалықтар