ОҚО-да 25 мың жер учаскесі беріледі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облсында 172 мың адам жер телемі кезегінде тұр. Бұл туралы бүгін ОҚО әкімі Жансейіт Түймебаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Облысымыз бойынша 87 214 адам пәтер алу кезегінде тұр. Кезекте тұрғандардың мәселесін шешу мақсатында біз жылына түрлі қаржы көздерін, оның ішінде мемлекеттік- жекеменшік әріптестік механизмін пайдалана отырып, жылына 1 миллионнан кем емес шаршы метр тұрғын үйді тапсыруды жоспарлап отырмыз»,-деді Түймебаев Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Оның сөзіне қарағанда, жыл басынан бері 206 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді.

Жалпы ағымдағы жылы бағдарлама аясында көлемі 700 мың шаршы метрді құрайтын 8 052 пәтер пайдалануға беріледі.

«Облысымызда 172 мың адам жер телемі кезегінде тұр. 2021 жылға дейін 25 736 учаске жеке тұрғын үй салу үшін инженерлік-инфрақұрылыммен қамтамасыз етіледі»,-деді облыс әкімі.

Соңғы жаңалықтар