ОҚО-да 2 млн теңгенің алтын бұйымдарын ұрлаған күдікті ұсталды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат  -  Шымкентте  ірі көлемде алтын бұйымдарды ұрлаған күдікті ұсталды, деп хабарлайды  ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, сезіктіні ұстауға жергілікті тұрғынның Еңбекші полиция бөліміне  арыздануы себеп болыпты. Ол  белгісіз тұлғаның үйіне жасырын кіріп, жалпы құны 2 миллион теңгеден аса тұратын алтын бұйымдарын ұрлап кеткенін көрсеткен. Осы дерек бойынша облыстық ішкі істер департаменті мен ҰҚК және Еңбекші полиция бөлімі қызметкерлері бірлескен жедел -іздестіру шараларын жүргізген. Нәтижесінде осы қылмысқа қатысы бар деген күдікпен бұрын сотты болған, орта жастағы ер адам ұсталды. Тергеу барысында сезіктінің жәбірленушінің үйіне кілт таңдау арқылы кіріп, алтын бұйымдарын қолды еткені белгілі болды. Ал, ұрланған алтындарды сату орындарына өткізіп, ақшаны өз қажетіне жұмсаған.

Қазіргі таңда күдікті қамауға алынып, оның үстінен Қылмыстық кодекстің «Ұрлық» бабымен іс қоғалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. 

Соңғы жаңалықтар