ОҚО: Бәйдібек ауданында үш елді мекенге ауыз су тартылды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысының Бәйдібек ауданындағы үш елді мекенге таза ауыз су берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жылдар бойы шешімін таппаған өзекті мәселеге республикалық және облыстық бюджеттен 525,2 миллион теңгеге жуық қаражат бөлініп, тау етегінен магистралды суағар құрылысы салынды. Осының нәтижесінде Теректі, Қаратас, Боралдай елді мекендегі тұрғындар таза ауыз суға қол жеткізді.

Магистралды суағардың іске қосылу шарасына аудан басшысы Бақыт Танагөзов қатысып, ауыл тұрғындарының қуанышымен бөлісті. Сондай-ақ әкім алдағы уақытта жүзеге асырылатын жобаларға тоқталып, салтанатты түрде ауыз су құбырының тетігін іске қосты.
null 

Бөлінген қаржы есебінен магистралды суағардан елді мекенге дейінгі аралықта 26 шақырым су құбыры, ал ауылдың барлық көшелеріне 31 шақырымдық су жүйесі тартылды. Өз кезінде ауылдың төбе биі Сейіткәрім Нұржанов тұрғындар атынан жергілікті билікке алғысын айтып, бұл осында тұратын 267 отбасы үшін орасан зор қуанышты оқиға екенін жеткізді.

Айта кетейік, аудан көлеміндегі 52 елді мекеннің бүгінгі таңға 34-і құбырлы ауызсумен қамтылған. Яғни тұрғындардың  83,4  пайызы таза ауызсуға қол жеткізген. Биылғы  жылы  тағы  9 елдімекенде ауыз су құрылысы жүргізілсе,   алдағы 2020-2021 жылдары ауданды толық сапалы ауыз сумен қамту жұмыстарын аяқтау жоспарланып отыр.
null 

Соңғы жаңалықтар